Солтүстік Кореяда балмұздақ пен гамбургерге тыйым салынды
Корей Халық-Демократиялық Республикасының (КХДР) басшысы Ким Чен Ын ел аумағында "гамбургер", "балмұздақ" және "караоке" сөздерін пайдалануға тыйым салып, оларды корей тіліндегі баламаларымен ауыстыруды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
The Sun басылымының дерегінше, "гамбургер" сөзінің орнына dajin-gogi gyeopppang (қазақша – "фарш салынған қос қабатты нан"), ал "балмұздақ" орнына eseukimo сөзі енгізілген.
Ресейлік және қытайлық туристерді әйгілі Вонсан курортында қарсы алатын гидтерге Батыс пен Оңтүстік Кореяда кең тараған англицизмдерді қолданбау ұсынылды, – делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен Гонконг арасындағы әуе қатынасы екі есе артады
Келесі жаңалық
«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлері марапатталды
Өзгелердің жаңалығы