Солтүстік Корея теңіз үстінде жаңа қанатты зымырандарды сынақтан өткізді

Солтүстік Корея теңіз үстінде жаңа қанатты зымырандарды сынақтан өткізді. Бұл туралы КХДР мемлекеттік ақпарат агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Агенттік дерегінше, зымырандар кемеден тігінен ұшырылып, Сары теңіз үстінде 7800 секундтан астам ұшып, нысанаға дәл тиген. КХДР Еңбек партиясы мұны «ядролық күштерді жетілдірудегі маңызды жетістік» деп атады.

Сынақ АҚШ президенті Дональд Трамптың Оңтүстік Кореяға сапарының алдында өтті.

Олар ондаған жылдар бойы зымыран ұшырып келеді, солай ма? – деп пікір білдірді Трамп ұшақ бортында журналистерге.

Оңтүстік Корея мен АҚШ бірлескен штаб бастықтары бұл оқиғаны талдап жатқанын мәлімдеп, “КХДР-дың кез келген арандатуына жауап беруге дайынбыз” деді.

Пхеньян Трамптың Ким Чен Ынмен кездесуге ниеті жөнінде түсініктеме берген жоқ. Бұған дейін Ким егер Вашингтон “ядролық қарусыздандыру талабынан бас тартпаса”, келіссөздерге қайта оралмайтынын айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы