Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды
Бүгін КХДР Жапон теңізіне қарай баллистикалық зымыран ұшырды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Жапонияның жағалау күзеті зымыран сынықтары табылған жағдайда аймақтағы кемелерді билікпен байланысуға шақырды.
Жапония премьер-министрі Фумио Кисиданың кеңсесінде Пхеньянның жаңа зымыран ұшыруы туралы ақпаратты талдаумен және жинаумен айналысатын дағдарыс штабы жұмыс істей бастады.
Айта кетсек, жыл басынан бері КХДР 29 зымыран ұшырған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астаналық полицейлер автобуста қалта ұрысын ұстады
Өзгелердің жаңалығы