Солтүстік Қазақстанда шылым шекпек болған жігіт өртке оранды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға Қызылжар ауданының Бескөл ауылында болған, деп жазды Петропавловск.news.

Бес жас жігіт үйде отырыс ұйымдастырған. Ертеңінде, 19 қараша күні, 23 жастағы жігіт пеш тұрған бөлмеге шылым шегуге кіріп, ол жерден отқа оранып шыққан. 

Қызылжар ауданының полиция бөлімшесінің қызметкерлері жігіттің қазасына байланысты сот алды тергеу жұмыстарын жүргізуде. 

Отырыста болғандардың айтуынша, жігіт шылым шешуге шығып, ол жерден отқа оранған күйі шыққан. Олар жалынды сөндірген соң дереу жедел жәрдем шақырыпты. Пеш жағатын бөлмеден жанып жатқан канистр табылған. Зардап шеккен жігіт аудандық ауруханаға жеткізілді. Алайда денесін шалған күйіктен реанимацияда көз жұмды, - деп хабарлады СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қазіргі күні оқиғаға қатысты Қылымсытқы кодекстің 105 бабы бойынша «Өзіне өзі қол салуға жеткізу» бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, сот медициналық сараптамасы тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы