Солтүстік Қазақстанда аудан әкiмдерi футбол ойнады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда мемлекеттiк қызметшiлер арасында дәстүрлi спартакиада өттi, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.
«Мемлекеттiк қызмет өте жауапты жұмыс, бiлiм мен жоғары мәдениеттiлiктi талап етедi. Мемлекеттiк қызметшiлер салауатты өмiр салтын ұстанып, басқаларға үлгi көрсету керек», - дедi СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов.
Спартакиаданың ашылуынан соң «Қызылжар» және «Солтүстiк» командалары арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өттi. Футбол алаңына Құмар Ақсақалов пен аудан әкiмдерi шықты. Ойын 2-1 есебiмен облыс әкiмi ойнаған «Қызылжардың» пайдасына аяқталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда «Төле би» фильмінің таныстырылымы өтті
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы