Солтүстік Қазақстанда көпір қолданысқа беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа автомобиль көпірі осы жылдың қыркүйек айында қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы "Қазавтожолдың" баспасөз қызметі хабарлады.

Республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» автожолының 835 шақырымында жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда Ақан-Бұрлық өзені арқылы өтетін көлік көпірі толығымен жаңартылуда. 

"Күрделі жөндеу жұмыстары аясында жолшылар көпірдің төсемін кеңейту үшін арқалықтарды ауыстыру, тіректерді қалпына келтірулері қажет. Мамандар аралық тіректерді орнату бойынша жұмыстар жүргізуде. Тегістейтін қабатты орнату жұмыстары орындалды, төменгі торды байлау жұмыстары басталды. Көпір жұмысына 19 бірлік құрылыс-техникасы жұмылдырылып, 41 адам жұмыс істеуде", - делінген таратылған ақпаратта.


Күрделі жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүруде. Жаңа автомобиль көпірі 2019 жылдың қыркүйек айында ашылады деп жоспарлануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы