Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 49 көлік ұрлығы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 49 көлік ұрлығы тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлерінің тәжірибесінде қылмыстық істермен қатар, ұқыпсыздық жағдайлары да жиі кездеседі. 22 қыркүйекте Петропавл тұрғыны өзінің Audi-100 көлігінің ұрланғаны туралы арызбен полицияға жүгінген. Патрульдер мен бейнебақылау операторлары бірден көлікті іздеуге бағытталды. Жедел қызметкерлер бейнебақылау камераларының жазбаларын тексере бастады. Камераларға ер адамның күндіз өзі жұмыс істейтін ұйымның автотұрағынан шығып, жаяу қайтқаны жазылған. Автокөлік иесінің өзі мұны бастапқыда жоққа шығарды. Тек, жедел қызметкерлер оған бейнежазбаны көрсеткенде ғана қайтып келе жатып дәмханаға тоқтағаны есіне түсті. Дәмхана жұмыс орнына жақын болғандықтан, ер адам көлікті ұмытып, тамақтанып, әдеттегі жолмен жұмысына кетіп қалған. Осы уақыт бойы тәртіп сақшылары көшелерден “Audi” іздеп, қаладан шығатын жолдарды тексеріп жүргенде, көлік қалған жерінде иесін күтіп тұрған.
Дәл осындай жағдай биыл Петропавлдағы сауда орталықтарының бірінің жанында болды. Дүкеннен шыққан кейін ер адам көлігін қойған жерін ұмытып, көлігім ұрланды деп арыз жазған. Тағы бірде әйел полицияға хабарласып, көлігінің ұрланғанын хабарлаған, ал оның туысы көлікті басқа кіреберіске алдына қойып, үй иесіне бұл туралы хабарлауды ұмытып кеткен.
Жалпы, Солтүстік Қазақстанда автокөліктерді заңсыз иемдену жағдайларының көпшілігі ұрлық жасамау, яғни алкогольдік ішімдік ішу салдарынан орын алады, – деді криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев. – Жәбірленушілер көбінесе күдіктілердің таныстары болып шығады. Біз автокөлік иелеріне ұқыпты болуды, өздерінің мүлкін тияқнақты сақтауды, бөтен адамдардың көліктің кілтін пайдалануға жағдай жасамауды сұраймыз.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында автокөлікті заңсыз иемдену фактілері бойынша 49 шағым тіркелді. Оның ішінде екеуі қазіргі уақытта ашылған жоқ, 33-і өндіріспен аяқталды, қалғандары бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.