Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың кешенді жоспары таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Солтүстік Қазақстан облысын əлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын таныстырды.

Оның айтуынша, министрлік мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрақты жұмыс орындарын құруға тікелей және жанама жоғары әлеуеті бар жобаларды мұқият іріктеу бойынша жұмыс жүргізген. 

Кешенді жоспар инвестициялық жобаларды іске асыруды, тұрғын үй және өзге де инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы дамытуды, сондай-ақ қоғамдық құқықтық тәртіпті және азматтарды қорғауды қамтамасыз етуді көздейтін төрт бағыттан және 87 іс-шарадан тұрады. 

Жоспарды іске асырудың жалпы сомасы 1,8 трлн теңге. Оның ішінде республикалық бюджеттен 518 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 43,9 млрд теңге, жеке инвестициялар 1,3 трлн теңге тартылады. Жоспар аясында 1,4 трлн теңге сомасына 64 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олар аграрлық өнеркәсіп, көлік және логистика, туриз және спорт, сондай-ақ өнер кәсіпкерлерінің белсенділігін дамытуға бағытталған, - деді Ерғалиев. 

Агроөнеркәсіптік кешенде 52 сүт тауар фермасы, құрама-жем зауыты, 3 бордақылау алаңы, етті құс фабрикасы мен жылыжай кешені салынады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы