Солтүстікте үсік жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжамы бойынша мамырдың 23 мен 25 аралығында еліміздің батысына жылжыған антициклон жылдам өтіп кетеді. Оның орнына Ресейдің Еуропалық бөлігінен суық атмосфералық фронттар келе бастайды.
Оңтүстікте найзағай мен жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында күшті жаңбыр, ауа температурасы климаттық нормадан 2…6°С төмен күтіледі. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарында алдағы түнде 3°С үсік күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан Президенті Ақтөбе облысындағы жылыжай кешеніне барды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы