Солтүстік, Орталық, Шығыста аяз, Батыста қар жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 30 қаңтар мен 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алдағы үш тәулікте ауа райы жауын-шашынсыз, қаңтар айына тән солтүстік, орталық және шығыс облыстарында түнде 25…30°С, кей жерлерде 35°С аяз болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 5…10°С, кей жерлерде 13…22°С аязға дейін суытады. Ал батыс облыстарына жылы атмосфералық фронттар ығыса бастап, жаңбыр, жылбысқы қар және ауа температурасы күрт жоғарылайды, - делінген хабарламада. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы