Солтүстікқазақстандық шенеунік жарты млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызмет бабын пайдаланып 500 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Бұл туралы брифинг барысында аймақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ернар Баянғазин хабарлады.
Қаржы басқармасы бойынша сөз болып отырған сома – жарты миллиард теңгеге жуық, қаржы облыс бюджетіне қайтарылды. Материалдар қазір сотта. Қылмысқа қатысты адамдарыдың аты-жөнін айтуға құқымыз жоқ, - деді Ернар Баянғазин.

Оның айтуынша Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары да жалпы қамқорлық үшін пара алды деп күдіктелуде. Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, онда басқарма басшылары үкім жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде отставкаға кету туралы өтініш беруі тиіс.
Егер басшы әшкерелеу жұмыстарына белсенді қатысып, тергеуге көмектесіп немесе осы қылмыстың жасалуына ол әсер ете алмаса және қатысы болмағаны анықталса, онда дифференциалды шешім қабылданады. Ашықтан ашық шешім қабылданбайды, - деді Агенттіктің аймақтық басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлық жасаған мемлекеттік қызметшілердің басшылығы отставкаға кетуі тиіс деген заңнамаға енгізілген түзетулерге қол қойған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы