Солтүстік Қазақстанда жемістер арасынан белгісіз зат табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстанда жемістің арасынан дәріге ұқсас белгісіз зат табылды, деп жазды Хабар24.

Мұндай препараттарды Тайынша ауданының тұрғыны алма, мандарин және алмұрттың ішінен тауып алған. Бірден полицияға хабар берген. Алайда, бұл жемістердің өңірге қайдан және қанша мөлшерде әкелінгендігі әзірге белгісіз. Қазір осы дерекке қатысты  полицейлер қылмыстық іс қозғады. 
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Тергеуге мүдделі ведомстволардың мамандары тартылып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Солтүстік қазақстан облыстық полиция департаментінің және облыс прокуратурасының басшылығы сотқа дейінгі тергеудің жүргізілуін бақылауға алды, - деді облыстық ПД бас маманы Сән Жұмағазина.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы