Солтүстік Қазақстанда індет жұқтырғандар Ресейден келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам тіркелді, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.  


Вирусты жұқтырғандар Қазақстанның 1997 және 2001 ж.т. азаматтары, олар Ресейдің Түмен қаласынна Мамлют ауданының Жаңа-жол бекеті арқылы СҚО-ға келген. Келген соң COVID-19-ға тексеріліп, Мамлютка қаласының карантиндік стационарына оқшауланды.

Зертханалық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін вирусты жұқтырғандар "Бірінші қалалық аурухана" ШЖҚ КМК жұқпалы аурулар бөлімшесіне жеткізілді. Клиникалық белгілері жоқ. Байланыстағы адамдардың саны анықталуда. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.

2020 ж. 11.05 жағдай бойынша СҚО аумағында 36 COVID-19 жағдайы тіркелген, оның ішінде бір жұқтырған адам Көкшетау қаласынан.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы