СҚО-да найзағай ойнап, тұман басуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері ауа райының қолайсыздығына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 17 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
"Петропавл қаласында 17 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%", - делінген таратылған хабарламада.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында күші 15-20 м/с болатын жел соғатыны ескертілген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ертең Ай тұтылады: Қазақстандықтар Юпитерді көре алады
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы