Солтүстік Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет»РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, күндіз 15 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде қатты жаңбыр күтіледі. 15-16 тамызда кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, кей жерде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15 тамызда екпіні 25 м/с күтіледі.

Бұдан басқа, Петропавл қаласында 15-16 тамызда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы