Солтүстік Қазақстан туризміне тың серпін береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстанның табиғаты ерекше, көркем. Бұл туристік кластерді дамытуға мүмкіндік береді.
Былтырғы брифингте Шалқар-Имантау курорттық аймағы туралы айтқан едім. Елбасының тапсырмасымен бұл аймақ еліміздің үздік 10 курорттың қатарына енді, - деді Солтүстік Қазақстан облысы әкімі елордадағы есеп беру мәслихатында.Сонымен қатар, өңір басшысы туризм саласын дамыту үшін көлік инфрақұрылымының дамуына көп көңіл бөліп отырғанын жеткізді.
Соңғы 3 жылда курорттық аймақта 273 шақырым жол жөнделді. Оған 7 млрд теңге жұмсалды. Алдағы 5 жылда Шалқар мен Имантауға 23 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаржыға "Ботай" мұражайының құрылысы, Имантау көлінің жағажайын жаңарту көзделген. Инвесторлар заманауи демалыс базаларын салады, - дейді облысбасшысы.
Сондай-ақ, Құмар Ақсақалов "Шалқар Су" санаторийі қайта қалпына келтіріліп жатқанын айтты.
Өңір тұрғындары басқа жаққа бармай-ақ, санаторлы ем алмақ. 2020 жылы елеулі оқиғаларға толы болмақ." Ботай" қонысындағы қазба жұмыстарының басталғанына 40 жыл толады. Уәлиханов ауданында табылған "Қызыл оба" қонысында қазба жұмыстары басталады. Бұл тарихи жаңалықты биыл археологтар жасады. Онда XIV ғасырдағы 7 кесененің үйінділері табылды. Ғалымдардың болжауынша, Алтын Орда дәуірінің мазарлары Жошы хан әулетінің өкілдеріне тиесілі. Бұл жаңалық еліміздің солтүстігінде ортағасырлық қала мәдениетінің жақсы дамығанын дәлелдеп отыр. Қалашықтың аумағы 15 шаршы километр аумақты алып жатыр, - деді әкім.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Парламент жаңа үшжылдық бюджетті қабылдады
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы