Солтүстік Қазақстан облысындағы қасиетті орындар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» тізіміне енген жалпыұлттық маңызға ие киелі нысандар саны 205-ке, ал өңірлік маңызға ие нысандар саны 575-ке жетіп отыр. Бұл ауқымды жұмыстарды атқару барысында ерекше тарихымен есте қалған нысандар еліміздің солтүстік өңірінде де кездеседі.
Петропавл қаласының тарихынан сыр шертетін көне ғимараттың бірі «Дін-Мұхаммад» мешіті. Шаһардың өткенімен бүгінін жалғайтын сәулет құрылысы XIX ғасырда, яғни 1851 жылы қаланған. Бұл тас мешітті татар көпесі Дін-Мұхаммад Бичурин өз қаражатына тұрғызады. 1938 жылы саяси жағдайларға байланысты мешіт жабылып, мұнарасы құлатылған.
«Дін-Мұхаммад» мешіті. Петропавл қаласы, Советская,22.
1998 жылы татар-башқұрт қауымының қаражатына қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, өзінің жұмысын қайта жандандырады. Ал 2001 жылы биіктігі 24 метрді құрайтын мұнара тұрғызылып, мешіттің ауласы шарбақты тас дуалмен қоршалады.
«Дін-Мұхаммад» мешіті. Петропавл қаласы, Советская,22.
«Дін-Мұхаммад» татар мешітінде тек бірғана ұлт өкілі жиылып ғибадат етпеген, онда қазақтар, шешендер, өзбектер мен тәжіктерде бірігіп құлшылық жасаған. Бұл мешітте уағыз екі тілде, яғни татар және орыс тілдерінде оқылған.
«Петр және Павел» соборы. Петропавл қаласы, Коминтерн көшесі, 97 үйде орналасқан.
Солтүстік өңірдегі көне ғимараттың бірі Әулие апостолдар «Петр және Павел» соборы. Бұл ерекше орын қаладағы ең көне ғимараттардың бірі және сәулет ескерткіші. Шіркеудің іргетасы 1803 жылы қаланып, ғимаратты толықтай тұрғызуға мүмкіндік болмағандықтан 9 жылдан кейін бөлшектенеді. Алайда, 1813 жылы 22 қазанда құрылыс қайта басталып, 1821 жылы толықтай салынып бітеді.
«Петр және Павел» соборы. Петропавл қаласы, Коминтерн көшесі, 97 үйде орналасқан.
1838 жылы соборда өрт болып, қоңырау мұнарасына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Кейінірек, XIX ғасырда шіркеу мемлекет қарамағына беріліп, наубайхана ретінде жұмыс жасайды. Қазан төңкерілісінің тұсында шіркеу жабылады, тек 1946 жылы Петропавл қаласы атқару комитетінің аймақтық кеңесі храмды қайта пайдалануға рұқсат етеді.
«Петр және Павел» соборы. Петропавл қаласы, Коминтерн көшесі, 97 үйде орналасқан.
1946 жылы шіркеу өз қызметін қайта жалғастырып, үлкен өндеу жұмыстары жасалады. 5 жыл ішінде толықтай жөндеуден кейін шіркеу өзінің бастапқы келбетіне қайта оралады. Ерекше сәулет құрылысы мемлекет қорғауына алынған.
«Қызылжар» орталық мешіті. Петропавл қаласы, Кәрім Сүтішов,40.
Тәуелсіздік алған уақыттан бері елімізде 3 мыңға жуық мешіт бой көтерген. Халық саны аз өңірлердің өзінде құлшылық орындарының саны да артқан. Мәселен, Петропавл қаласының өзінде 10-ға жуық ғибадатхана тұрғызылған. Солардың ішінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» тізіміне енген «Қызылжар» облыстық орталық мешіті.
Шаһар орталығында орналасқан мешіт құрлысы 2001 жылы басталып, 2004 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен мешіт құрылысы қарқынды жүре бастаған. Сондай-ақ мешіттің құрылысына аймақтағы белді кәсіпкерлер мен белсенді азаматтар қолдау көрсеткен. 2005 жылы мешіт құрлысы толықтай аяқталып пайдалануға берілген.
«Қызылжар» орталық мешіті. Петропавл қаласы, Кәрім Сүтішов,40.
Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ерекше орын «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының тізіміне еніп отыр. Ол Тайынша ауданына қарасты Озерное ауылындағы «Бейбітшілік патшайымы» ғибадатханасында орналасқан – «Қазақстан жұлдызы» алтарі.
«Қазақстан жұлдызы» алтарі. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданына қарасты Озерное ауылындағы «Бейбітшілік патшайымы» ғибадатханасында орналасқан.
1938 жылы қазақ еліне жер аударылған поляктар 3 жыл бойы аштықтан жаппай көз жұма бергендіктен тірі қалғандары құдайға күнде сиынып, тілек тілеген екен. Осылайша 1941 жылы тілектері қабыл болып балығы мол көл пайда болыпты. Бұл көлдің пайда болуын көпшілік – табиғи құбылыс десе, кейбіреуі аштықтың зардабын көрген католиктерге құдайдың берген сыйы деп түсінген екен.
Осындай ерекше жаңалықты естіген Рим папасының өкілі Кардинал Роберт Сара 2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысына арнайы келіп, «Қазақстан жұлдызы» алтарын «Бейбітшілік патшайымы» ғибадатханасына табыстап кеткен екен.
«Қазақстан жұлдызы» алтарі. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданына қарасты Озерное ауылындағы «Бейбітшілік патшайымы» ғибадатханасында орналасқан.
Жоспар бойынша мұндай мінәжат орындары әлемнің 12 бұрышына қойылу қажет. Ал қазақ жеріндегі алтар реті бойынша екінші болып есептелі. Титаннан құйылып, алтын жалатылған алтардың салмағы 600 килодан асады. Алтардың ұзындығы – 7,5, ені – 2,5 метрді құрайды. Алтардың негізін Мариуш Драпиковский есімді польшалық шебер қалаған.
«Қазақстан жұлдызы» алтарі. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданына қарасты Озерное ауылындағы «Бейбітшілек патшайымы» ғибадатханасында орналасқан.
Тылсым сырларға толы қасиетті, ерекше орындар қазақ жерінде баршылық. Осындай орындардың құндылығын жоғалтпай келешек ұрпаққа тарих ретінде сақтау мақсатында іске асып жатқан «Қасиетті Қазақстан» жобасының маңызы зор.