Соколок каналына су келді

Жалпы ұзындығы 32 шақырым болатын Соколок каналына су келді. 24 сәуір күнгі мәлімет бойынша, каналдағы су деңгейі 5 сантиметрге көтерілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

108 учаске бойынша жауапты координатор Олжас Сұлтановтың айтуынша, Соколок каналы үлкен көлемдегі суды қабылдауға дайын.

Доссор көпіріне дейін бөгеттер көтерілді. Соколок каналының түбі тереңдетіліп, тазартылды. Ұзындығы 24 шақырым болатын жаңа каналымыз да дайын. Каналдың басты ролі үлкен суды бірінші болып қабылдайды. Және суды қалаға жеткізбей, теңізге бағыттап отырады, - деді жауапты координатор Олжас Сұлтанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Индер ауданындағы Бағырлай, Махамбет ауданындағы Бақсай каналына су келгенін хабарлаған болатынбыз.

25 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Жайық өзенінің Атырау қаласындағы гидропостындағы су деңгейі 425 сантиметрге жетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы