Соғыс қатыгездігін одан өткендер ғана түсінеді – ардагер
Отан соғысы кезінде жаудың 600 минасын жойған ардагер, полковник Зұлқарнай Сейітов мектепті аяқтамай жатып-ақ 1941 жылы майданға өзі сұранып аттанған. Бүгінде ардагер Алматы қаласында тұрады. Осы ретте Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған, биология ғылымдарының докторы Зұлқарнай Сейітовті әңгімеге тартты.
Ардагер алдымен соғыста танк жоюдың әдісін оқып, арнайы курстан өткен. Қолына қару ұстап, иісшіл иттермен жұмыс жасауды үйреніп, майданда жау әскерінің танкін жойып, әскердің жолын минадан тазартуымен айналысқан. Соғыста Ленинград, Сталинград қалаларын азат етуге қатысып, Берлинге дейін барған.
Кеңес Одағында "Қызыл жұлдыз" әскери ит өсіру мектебі құрылды. Бұл мектеп иттерден басқа көгершіндерді өсірді. 1942 жылы қаңтарда досым Василий Непрыкновпен бірге оныншы сыныптан бастап бізді әскерге шақырды. Бір ай бойы біз жаттығудың негіздерін зерттедік, содан кейін иттерді дайындадық. Ең алдымен жаңадан қабылданатын иттерді ет беріп танкінің астында жүре алатынын тексердік. Танкінің оталған даусынан қорқып, қашқандар қабылданбады. Ал қорықпағандарды танкінің астында оқ атылғанда да жүре алатындай үйреттік, - деді соғыс ардагері.
Ардагердің айтуынша, үйретілген иттердің әрқайсысының жағында медициналық сөмке байланған. Ол жаралыға қарай жорғалап барып сөмкесінен бинт алып шығып, жауынгердің жараны таңуын күтетін көрінеді. Осылайша олар соғыста үш-төрт медициналық қызметкердің алмастырған.
Иттер майдан даласында тірі адамды марқұмнан ажырата алды, көптеген жаралылар ес-түссіз күйде болғанда иттер жауынгерлердің бетін жалап, есін жинауға көмектескен. Бұған сену қиын, дегенмен кейбір иттердің өлгендерді көргенде жылаған кезінде көрген едік, - деді Зұлқарнай Сейітов.
Пероводан кейін Сейітов Сталинград майданына келген, Сталинград маңындағы шайқастың ауырлығы соншалықты төбеден атқылаған бомба мен оқтар жаңбырша жауып, тозақ даласына айналғанын атап өтті.
1942 жылдың жазына қарай мен ефрейтор болдым. Сталинград маңындағы шайқастар өте қиын болды. Мен осы жақта жараланып, қайтадана қатарға қосылдым. Мен әлі күнге дейін Сталинградтағы шайқастарды есіме түсірсем жүрегім ауырады. Майданда бомбалар, миналар мен снарядтардың жарылуы, танктердің шынжыр табандарының қорқынышты сықырлауы және оқтардың ысқырығы әлі естіледі. Бұл шайқастардың қатыгездігі мен өлімдердің көп болғанын сөзбен жеткізу мүмкін емес, оны тек соғысқа қатысқандар, жердегі осы тозақтан өткендер ғана түсіне алады, - деді ол.
Ардагер майданда танк десанттары "Қош бол, Отан" деп аталғанын, өйткені адамдар өлімге бет алғанын бірақ өлімге тек адамдар ғана емес, иттер де барғанын айтты.
Бізге неміс танктері келді, олардың артында автоматшылар, ал біз иттермен, артымызда зеңбірекшілермен жүрдік. Зеңбірекшілер бірінші болып ата бастайды, ал біз иттерді 50 метрлік жерде жіберетін едік. Егер итті ертерек жіберсек, онда неміс пулеметшісі оны атып тастайды. Ит жүгірген кезде оған танкке кіру өте қиын, өйткені ол тез және ептілікпен жүгіретін еді. Осылайша, иттер аса ептілікпен танктерді жоюға көмекетесетін, - деді Зулхарнай Сейітов.
Сталинград маңындағы шайқастарда майор Леонид Куниннің басшылығымен қызметтік иттердің 28-ші жеке отряды ғана 42 танк пен екі броньды машинаны жойды, ол үшін 62-ші армияның қолбасшысы генерал Чуйков отрядтың барлық жеке құрамына алғыс жариялады, ал 47 жауынгер ордендермен және медальдармен марапатталды. Олардың қатарында Зулхарнай Сейітов те болды. Ардагер майдан даласында жаудың 600 минасын жойған.
1943 жылдың мамырынан бастап Зулхарнай Сейітов Беларусь – Гомель, Минск, Брест арқылы өттіп, содан кейін Польша аумағын минадан тазартқан. Екі жарым жыл жаяу жүрген.
Қазақстандық жауынгер Берлинге шабуыл жасауға қатысып, жеңістен кейін итімен бірге Потсдам қалалық сарайын минадан тазартқан.
Соғыс аяқталған соң Зұлқарнай Сейітов мектеп партасына қайта отырып, оқуын тәмамдайды. Омбыдағы ауыл шаруашылығы институтына түседі. Оны бітірген соң ғылыммен айналысады. Алматыдағы қазіргі аграрлық және медицина университеттерінде биохимиядан сабақ береді. Биология ғылымдарының докторы 96 жасқа келгенше дәріс оқуын тоқтатпаған. Ол 150-ден астам ғылыми жұмыс пен монографияның, 10 оқу құралының авторы. Еңбегі еленіп, талай марапатқа ие болды.
Ұлы Талғаттың айтуынша, әкесінің ұзақ жасауының сыры да осы тынымсыз еңбектің нәтижесі екенін атап өтті.
Былтыр желтоқсанның 27-де әкем 102-ге толды. Биыл 103-ке аяқ басты. Мен ес білгелі әкемнің демалғанын көрген жоқпын. Үйге келген соң да жұмыс істеп отыратын. Оқудан шаршамайтын. 100-ге келгенше өзі жүріп-тұрып ешкімге салмағын салған жоқ. Аяғы ауырып, жүруі қиындаған кезде ғана дәріс оқуын тоқтатты. Сүйегі асыл деп осындай кісілерді айтатын шығар, - деді Талғат Сейітов.
Зұлқарнай Сейітовтің ғылыми еңбектері мал биохимиясына арналған. Ол сиыр мен бие, түйе сүтіндегі белок, май қышқылы, витаминдер құрамы мен оның технологиялық қасиетін химиялық тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік қорда ұзақ жылдар сақталатын сарымайдың сапасы мен оның тотығуға беріктілігі құрамындағы антиоксиданттар мен май қышқылының құрамына байланысты екенін дәлелдеді.
Бие мен түйе сүтін, саумал, қымыз бен шұбатты молекалық деңгейде кептірудің жаңа әдісін тауып, содан алынған құрғақ ұнтақтан табиғи қымыз бен шұбат өндірудің жаңа биотехнологиясын ұсынды. Зұлқарнай Сейітов қымыз бен шұбатты (олардың бастапқы кездегі құрамын өзгертпей) ұзақ мерзімге сақтаудың жаңа әдісін енгізді.
Зұлқарнай Сейітов – "Қазақ бальзамы" шипалы сусыны мен ішіне алтын тамыр салып ашытқан "Алтынсу" тұнбасының авторы. Бальзам Алматы облысында, ал "Алтынсу" Өскемен қаласында өндіріледі.