Софья Сподаренко Ислам ынтымақтастық ойындарының чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық жүзуші Софья Сподаренко Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастық ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сподаренко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде сенімді жеңіске жетіп, жүлделі орынға ие болды. Ол 01:01.66 уақытпен түрік қарсыластарынан озып, мәреге жетті.

Дефне Таниг 01:02.05 уақытпен екінші, ал Сехер Кая 01:02.42 уақытпен үшінші орын алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Нұрғали Жұмағазы
Өзгелердің жаңалығы