1 Қараша 2026, 14:52
Фото: ҚР ҰОК
Софья Самоделкина Канададағы Гран-при кезеңінде үздік бестікке енді
Қазақстандық спортшы қысқа бағдарламада 71,84 балл жинап, аралық есепте бесінші орынға тұрақтады. Еркін бағдарлама 2 қарашаға қараған түні өтеді.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Канаданың Келоуна қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясының екінші кезеңінде қысқа бағдарламасын орындап, үздік бестікке енді.
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдеді.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы өнер көрсету қорытындысы бойынша төрешілерден 71,84 балл алып, аралық есепте бесінші орынға тұрақтады.
Жарыстың көшін 82,11 балл жинаған жапониялық Мао Симада бастады. Екінші орында америкалық Изабо Левито (78,50 балл), үшінші орында эстониялық Нина Петрыкина (77,24 балл) тұр.
Қатысушылар еркін бағдарламаны Астана уақытымен 2 қарашаға қараған түні орындайды.