28 Ақпан 2021 2021, 22:40
Sofia Trophy 2021: Мария Гречаная үздік үштікке енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болгарияда мәнерлеп сырғанаудан Sofia Trophy 2021 халықаралық турнирі өтуде. МАРИЯ ГРЕЧАНАЯ МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН БОЛГАРИЯДАҒЫ ТУРНИРДЕ ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болгарияда мәнерлеп сырғанаудан Sofia Trophy 2021 халықаралық турнирі өтуде.
Аталған сында қазақстандық Мария Гречаная қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.
Мария жасөспірімдер арасындағы бәсекеде жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Ол екі бағдарлама қорытындысы бойынша 144.08 ұпай жинаған.
Бірінші орынды бельгиялық Нина Пинзароне, екінші орынды швейцариялық Кимми Репонд иеленді.