Сочидегі Малое көлі құрғап қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай кенеттен болған табиғи құбылысты Кавказ қорының қызметкерлері байқаған, деп хабарлады РИА Новости.
Сочи тауларындағы Сол жақ Псеашха жотасының шығыс беткейінде орналасқан кіші көл жоғалып кетті. Қазір су қоймасының негізгі бөлігін лай мен тастардың қоспасы алып жатыр. Ғалымдар су қоймасы табиғи процестердің нәтижесінде жоғалғанын айтты.
Малое көлі – бұл қар көшкіні әсерінен пайда болған көл. Яғни, ол жүйелі қайталанатын қар көшкіні соққысынан пайда болды. Көл уақыт өте келе тереңдей түсті, қазір біз геологиялық оқиғалардың бірін көріп отырмыз. Бұл құбылыстан ешқандай қауіп жоқ, мұны табиғи процесс деп қарауға болады, – деді Кавказ қорығының ғылыми жұмысы жөніндегі директоры Николай Ескин.
Қорықтың ресми сайтында хабарланғандай, көлдің жоғалуына табиғаттың да, табиғи процестердің де әсері бар. Сондықтан бұл құбылысты тоқтатуға адамның қауқары жетпес еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Талай қазақ баласы Ресейде онлайн оқып жүр
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы