Қазақстанда президенттің өкілеттігі заң бойынша кеңейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатта бірінші оқылымдағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасы маңыздылығына қатысты күн тәртібінің екінші оқылымында қаралатын болды.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектанов заң жобасының негізгі мақсаты соғыс жағдайында заңнаманы жетілдіруге бағытталғанын айтты.
Заң жобасын қабылдау елімізде қауіпсіздікке төнетін қатерге ден қою үшін мемлекеттің қорғаныс әлеуетін қолдау қажеттілігінен туындап отыр. Заң жобасы еңбек кодексі мен қорғаныс және қарулы күштер туралы, жұмылдыру дайындығы туралы , соғыс жағдайы туралы, мемлекеттік құпия туралы, әскери қызмет туралы, білім туралы 6 заңға өзгеріс енгізуді көздейді.Оның негізгі мақсаты –мемлекеттің соғыс жағдайы кезінде жұмыс істеу, бейбіт уақытта оған дайындалу мәселесін құқықтық реттеу болып табылады, - деді Мұрат Кәрібаұлы.Бірінші орынбасардың айтуынша, соғыс жағдайы туралы заңда президент өкілеттігін толықтыру ұсынылып отыр.
Ол бейбіт уақытта іске асырылады. Бұл соғыс жағдайын шарасын қолдану тәртібін айқындау, ҚК Бас қолбасшылығы ставкасы туралы, қорғаныс кеңестері туралы соңыс жасғдайы кезеңінде үкімет қызметін ұйымдастыру ережелерін бекіту болып табылады. Үкімет құзыреті мынадай өкілікттермен толықтырылды: бейбіт уақытта соғыс жағдайы кезеңіндегі министрлік туралы ережені бекіту, соғыс жағдайы кезінде мемлекеттік органды соғыс уақытындағы штатқа көшіруді ұйымдастыру. Жергілікті атқарушы органға азаматтық және аумақтық қорғаныс саласын қамтамасыз ету міндетін белгілеу. Соғыс жағдайы кезеңінде жергілікті атқарушы органның өкілеттігін көздеу, оларға облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестерін құруға өкілеттік беру ұсынылады, - деді Мұрат Бектанов.
Ол атап өткендей, соғыс жағдайы жөніндегі заңнамалық актіні қазіргі заңнамаға сәйкес етуге мүмкіндік береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекеттік рәміздер алаңы бар қалалар
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы