Соғыс кезінде тұтқында болған жауынгерлердің туыстары іздестірілуде
Алматы, BAQ.KZ. Әскери-тарих музейінде 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза болған және хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлердің есімдері мен жерлеу орындарын белгілеу жұмыстары жүргізілуде.
Алынған ақпарат жүйеленіп, арнайы мәліметтер базасында жинақталады. Осы жұмыс аясында, Қазақстан Республикасындағы Германия елшілігінің қолдауымен концлагерьлерде болған қазақстандық әскери тұтқындардың карталарын іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, жүздеген әскери тұтқындар туралы ақпараттар енгізілді. Тұтқында болған қазақстандықтарды еске сақтау мақсатында, БАҚ арқылы әскери тұтқындардың туыстарын іздестіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Алматы мен Алматы облысы гарнизоны бойынша тұтқында болып, із-түзсіз жоғалған 56 жауынгер анықталған, қазір олардың туыстарын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қажетті мәліметтер болған жағдайда, жергілікті әскери басқару органдарына хабарласуыңызды сұраймыз. Алатау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының байланыс телефоны: 381-89-81; Алмалы аудананың ҚІБ: 395-84-51; Ауэзов ауданының ҚІБ: 381-56-56; Бостандық ауданының ҚІД: 246-28-48; Жетысу ауданының ҚІБ: 378-81-12; Медеу ауданының ҚІБ: 382-04-59; Наурызбай ауданының ҚІБ: 372-22-42; Турксіб ауданының ҚІБ: 290-78-30;