Соңғы тәуліктегі КВИ және пневмония статистикасы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде мәлімдеді. 

3 тамыздағы мәлімет бойынша, бір тәулік ішінде коронавирустық инфекцияның 1069 зертханалық расталған жағдайы және коронавирустық пневмонияның 798 расталмаған жағдайы тіркелді. Бұл ретте зертханалық расталған КВИ-дан болатын өлім-жітім күніне 34 жағдайды құрады. Зертханалық расталмаған (ковид тәрізді пневмония) өлім-жітім күніне 21 жағдайды құрады, - деді ол.

Цой баяндамасын қорытындылай келе, карантин шараларын сақтауда әрбір қазақстандықтың үлесі маңызды екенін айтты.
Қазірдің өзінде жағдайдың тұрақтанғанын және біртіндеп жақсарып келе жатқанын байқап отырмыз,- деді ол.

Бұған дейін министр елімізде сырқаттанудың тәуліктік деңгейі 2 есеге төмендегенін айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы