Соңғы үш жылда газ экспорты 40 пайызға ұлғайды - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн конференция барысында газ саласын дамыту және елді мекендерді газдаандыру мәселесіне тоқталды.

Министрлік қызметінің басым бағыттарының бірі газ саласын дамыту және елді мекендерді газдандыру. 2019 жылы газ өндіру көлемі 56,4 млрд текше метрді құрады. Бұл жоспармен салыстырғанда 100,2 пайызды құрайды. 2019 жылы тауарлық газ өндірісі 33,1 млрд текше метрді құрады. Жоспармен салыстырғанда 5,2 пайзыға артық. Ағымдағы жылы қалыптасқан жағдайға байланысты тауарлық газ өндірісінің жоспары 12 пайызға төмендеуі күтілуде. Барлық елде газ экспорты 2019 жылы 19, 5 млрд текше метрді құрады. Соңғы үш жылда газ экспорты 40 пайызға ұлғайды, - деді ол.
Сонымен қатар, брифинг барысында биыл 17,2 млрд текше метр газ экспорттау жоспарланғаны айтылды. 
Ағымдағы жылы 17,2 млрд текше метр газ экспорттау жоспарланған. 2019 жылы сұйылтылған мұнай газын өндіру 3,9 млн тоннаны жоспармен салыстырғанда 1,3 пайыз артығымен орындалған.  Ағымдағы жылы қалыптасқан жағдайға байланысты 2,8 млн тонна сұйылтылған газ өндіру жоспарлануда, - деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы