Andrian Zvigin. Мен, қойшы және бәйшешектер /фото/

Табиғат аясына сирек шыққаннан болар: алғашқы бәйшешектерді біресе жүремнен отырып, біресе жата қалып қарап жүрген менің артымнан қойшы ерді де жүрді. Және өзіне тән әдептен аттамай, не істеп жүргенімді тікелей сұрамай, ізетпен ғана қойларына жолатпаудың амалын жасап бақты.
 

- Қойларың анабір жермен жүрмесінші - деп өтіндім одан.

- Ал сен не істеп жүрсің мұнда? - деді қойшы күдіктене қарап. Дауысы қатулы.

- Суретке түсіріп жатырмын! Мінеки - алғашқы бәйшешектер!

- Аааа... - деді ол таң қалып, - олар мұнда қаулап тұр ғой!

Бәйшешектер шынымен баршылық. Көрінеу нәзік болғанымен, жарық дүниеге күртік қарды қопарып шығып тұр.
Әнебір, бар мазмұнды ашатын жалғыз кадрды ақыры таба алмадым. Көктемнің белгісі барлық жағымнан анталап қарап тұрды.
Тоқетері, біздер офистерде құмығып отырғанда, қойшының көріп жүретіні осы.
Алматы облысы, 28 ақпан. 
 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Посттың аудармасы мен фотолар - автордың жеке рұқсатымен. ©  Andrian Zvigin, 2019 жыл
 

 

 

 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы