Смайылов Жапония елшілігіне барып, Синдзо Абэнің қаза болуына байланысты көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Жапония елшілігіне барып, көрнекті саяси қайраткер, бұрынғы Премьер-Министр Синдзо Абэнің қаза болуына байланысты осы елдің халқына көңіл айтты.
Дипломатиялық миссия басшысы Джуну Ямадемен әңгімелесу барысында Әлихан Смайылов Қазақстанның Абэ мырзаны өз елінің патриоты және Қазақстан-Жапония қарым-қатынастарының дамуына елеулі үлес қосқан саясаткер ретінде білетінін атап өтті.
Синдзо Абэ Жапонияның дамуы үшін ғана емес, халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін де көп еңбек етті. Осы қиын сәтте Қазақстан Үкіметінің және жеке өзімнің атымнан Абэ мырзаның отбасына және бүкіл жапон халқына көңіл айтамын», — деді Үкімет басшысы.
Премьер-Министр елшілікке барған кезде көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алагөзов су тарифін негізсіз көтеріп, 126 млн теңге жымқырған
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы