Смайылов Вагит Алекперовпен кездесті

Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының энергетикалық саясат және энергия тиімділігі жөніндегі комитетінің төрағасы Вагит Алекперовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Тараптар геологиялық барлау жүргізу және мұнай кен орындарын  игеру, сондай-ақ бұрғылау қондырғыларын жаңғырту, логистика және салық салу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. 

Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі бірлескен жұмысты жалғастыруға және ынтымақтастықтың жаңа ықтимал бағыттарын айқындауға дайын екенін атап өтті. 

Өз кезегінде Вагит Алекперов Қазақстан аумағында инвестицияларды одан әрі кеңейтуге және жаңа жобаларды әзірлеуге мүдделі екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы