Смайылов Үкіметтің алдында тұрған басты міндетті атады

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің алдында тұрған міндетті атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алдымызда тұрған басты міндет – жыл қорытындысы бойынша    инфляцияны 2 есеге, яғни 9,5%-ға дейін төмендету. Бұл үшін қажетті құралдардың бәрі бар. Біз бұл туралы бірнеше рет айттық, - деп айтты Премьер-министр Үкімет отырысында. 

Оның сөзінше, барлық күш-жігерді Инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауға жұмылдыру керек.

Қаржылық тәртіпті күшейту және мемлекеттік бюджет шығысының    тиімділігін арттыру маңызды. Біз экономиканың өсу қарқынын сақтап қалу үшін бар күшімізді салуымыз керек, - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы орынбасарларына жетекшілік ететін салалар бойынша    нақты үйлестіру мен бақылауды ұйымдастыруды тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы