Смайылов тұрғын үй саясатын реттеу үшін Индустрия министрлігіне тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдерді іске асыру үшін Индустрия министрлігіне бірқатар тапсырма берді.
Бірінші. Индустрия министрлігі тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдер бойынша заң жобасының барлық ережені Парламент палаталарымен сапалы әрі жедел пысықтаудықамтамасыз етсін.
Екінші. Индустрия министрлігі мен мүдделі мемлекеттік органдар қажетті дерекқорлармен толыққанды интеграциялап, тұрғын үй саласындағы барлық ақпараттық жүйелерді іске қосу жұмыстарын аяқтасын.
Үшінші. Баспанаға мұқтаж адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету – аса маңызды міндет. Сондықтан, Индустрия министрлігі мен барлық өңір әкімдері тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымның жоспарланған көлемін уақтылы іске қосу үшін түбегейлі шаралар қабылдауы керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Го-хуа. Қытай дәстүрлі кескіндемесі
Өзгелердің жаңалығы