6 Сәуір 2023 2023, 09:01 Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Смайылов тау-кен металлургия кешенін дамыту жөнінде кеңес өткізді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия кешенін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия кешенін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, геологиялық барлауға халықаралық стандарттарды енгізу жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ кен орындарын игеру тиімділігін арттыру және салаға инвестициялар тарту жөніндегі шаралар қаралды. 

Талқылау барысында Премьер-Министр тау-кен металлургия кешенінде жаңа бастамалар мен жобаларды іске асыру кезінде мемлекет пен бизнес мүдделерінің балансын сақтау қажеттігін атап өтті. 

Кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берілді.