Смайылов: Татулық пен тұрақтылық — мызғымас Тәуелсіздігіміздің негізгі қағидасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.
Қымбатты отандастар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл күн баға жетпес байлығымыз — тыныштық пен береке-бірліктің, ырысты ынтымағымыздың мерекесі. Татулық пен тұрақтылық — мызғымас Тәуелсіздігіміздің негізгі қағидасы. Қоғамда келісім, жасампаз еңбек және өзара құрмет болған кезде кез-келген қиындықты еңсеруге болады. Біздің жетістіктеріміз ынтымағы жарасқан ұлттар мен ұлыстардың өзара достығы мен береке-бірлігінің арқасында мүмкін болды. Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін, - деп жазды ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан халқының бірлігі күні баянды болсын – Бозымбаев
Келесі жаңалық
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
Өзгелердің жаңалығы