Смайылов Тараз қаласына барды
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Жамбыл облысының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысына қатысу үшін Тараз қаласына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отырыста Премьер-министр Мемлекет басшысының облыс әкімі лауазымына Әлихан Балқыбеков пен Нұржан Нұржігітовтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқыды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша 191 депутаттың 164-і Н.Нұржігітовтің кандидатурасына дауыс берді, 27 депутат Ә.Балқыбековті таңдады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Зергерлік бұйымдардың өндірушілері ҚҚС-нан босатылады
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы