14 Қазан 2022 2022, 10:26
Смайылов Сердарды қарсы алды
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты мәлімдейді.
Сапар барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды деп күтілуде.
Сонымен қатар С. Бердімұхамедов ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырыс
ына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады.