19 Қыркүйек 2022 2022, 20:11
Смайылов ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды
Премьер-министр Әлихан Смайылов ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Премьер-министр Әлихан Смайылов ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абу-Даби қаласында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен, БАӘ Премьер-министрінің орынбасары, Президент Әкімшілігінің Министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен және елдің іскер топтар өкілдерімен кездесулер жоспарланған.
Сондай-ақ бірқатар мемлекетаралық және коммерциялық келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.