Смайылов ресми сапармен Әзербайжанға барды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкімет үйінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Үкіметі басшысын Баку әуежайында Әзербайжан Премьер-Министрінің орынбасары Әли Ахмедов пен Әзербайжан Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Әлім Байел қарсы алды.
Сапар барысында Қазақстан Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездеседі, сондай-ақ Әзербайжан Премьер-Министрі Әли Асадовпен мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.
Атап айтқанда, көлік-логистика, сауда-саттық, энергетика, аграрлық сектор, IT және өнеркәсіптік кооперация салаларындағы бірлескен қадамдар қарастырылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлытауда 89 млн теңгенің темекісі айналымнан алынды
Өзгелердің жаңалығы