Смайылов Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің м.а. Әлихан Смайылов Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
Екі елдің мемлекеттік шекарасындағы ахуал, сондай-ақ Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай аясындағы Қазақстанның Қырғызстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.
Тараптар екіжақты және көпжақты форматта стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы