Смайылов қосымша шығыстардың қайда жұмсалатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде және уақытылы орындайды.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Бүгін әлемдік саяси-экономикалық жағдайды ескере отырып, осы жылға арналған Макроэкономикалық көрсеткіштердің нақтыланған болжамын қарадық. Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде және уақытылы орындайды. Сондай-ақ қазіргі жағдайда экономиканың сапалы және орнықты дамуын қамтамасыз етеді. Республикалық бюджет жобасы, бірінші кезекте осыған бағытталып отыр, - деді Үкімет басшысы.

Смайыловтың айтуынша, бюджет теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан түсетін кепілдендірілген трансферт мөлшеріне түзету енгізілетін болады.

Қосымша шығыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаңтар айындағы, сондай-ақ Үкіметтің кеңейтілген отырысында және Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыруға жұмсалады. Сонымен бірге, осыған дейін қабылданған шұғыл міндеттемелерді орындауға бағытталады, -деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы