Смайылов Павлодар облысында жаңа қант зауытын салу мәселесін пысықтау керегін айтты
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Сауда министрлігімен, «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, қант зауыттарын жаңғырту және шикізат сатып алуға айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдікпен кредит беру мәселесін пысықтасын. Сонымен қатар зауыттарға өнімді сату бағасының күрт өсуіне жол бермеу бойынша қарсы міндеттемелер белгілеу керек, - деді ол.
Премьер-министр осыған орай бірқатар тапсырма берді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Павлодар облысының әкімдігімен, «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, өңірде қант қызылшасы өндірісінің көлемін кеңейту шараларын қабылдап, Павлодар облысында жаңа қант зауытын салу мәселесін пысықтасын. Сауда министрлігіне ішкі нарықты демпингтен қорғау үшін қантқа ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу мәселесін пысықтауды тапсырамын, - деді Әлихан Смайылов.