Смайылов: Наурыз елімізге бейбіт заман, молшылық пен құт-береке сыйласын

Премьер-министр Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – күн мен түннің теңеліп, табиғат пен қоғамның қайта жаңаруының мерекесі. Жақсылықтың жаршысы Наурыз елімізге бейбіт заман, халқымызға молшылық пен құт-береке сыйласын. Әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін! Ұлыс оң, ақ мол болсын, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: primeminister.kz
Өзгелердің жаңалығы