Смайылов Мысырда өтетін Әлем көшбасшылары саммитіне қатысады

Премьер-министр Әлихан Смайылов Климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық конференцияның (COP27) Әлем көшбасшылары саммитіне қатысу үшін Шарм-эш-Шейх қаласына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Климат жөніндегі дүниежүзілік саммиттің жұмысына 120-дан астам елдің өкілдері қатысады. Мемлекет және үкімет басшылары климаттың өзгеруінің ең өзекті мәселелері бойынша өз елдерінің көзқарасын білдіретін «ұлттық үндеу» жасайды. 

Саммит аясында Әлихан Смайылов бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп күтілуде. Мысыр Президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен сәлемдесу рәсімі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы