Смайылов Мусинге интернет сапасына қатысты бірқатар тапсырма берді

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан қуатты деректер орталықтары мен трансшекаралық талшықты-оптикалық магистральдары бар Цифрлық хабқа айналуы тиіс, - деді ол.

Оның мәлімдеуінше, Ұлттық жобаның осы мақсаттарына бюджеттен 5 жыл ішінде шамамен 560 млрд теңге бөлу жоспарлануда.

Смайылов Цифрлық даму министрлігі мен байланыс операторларына мына мәселелерге назар аударуды ұсынды:

Бірінші. Байланыс операторлары міндеттемелерінің сақталуын ескере отырып, барлық жерде байланыс сапасы мен Интернет жылдамдығының мониторингін күшейту қажет. Халық пен бизнестің көптеген мәселесінің жедел шешімі осыған байланысты.

Екінші. Республика аумағындағы әрбір елді мекенге дейін тартылатын кең жолақты интернет инфрақұрылымының экспозициясын айқындау қажет. Онда трафиктің жылдамдығы нақты көрсетілуі тиіс.

Үшінші. Қысқа мерзімде Ұлттық жобаны пысықтап, Президент Әкімшілігіне енгізу қажет. Халықтың пікірлерін ескере отырып, барлық проблемалар мұқият пысықталуы тиіс. Бұл мәселені мен өз бақылауымда ұстаймын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы