Смайылов Мишустинмен сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті.
Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.
COVID-19-дың таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның теріс салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.
2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ҚР мен РФ арасындағы екіжақты сауда-саттық 30%-ға артып, $21,8 млрд-қа жетті. Пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда сауда көлемі 21%-ға өсті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұшақта қару алып жүру үшін ақы төленбейді
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы