Смайылов Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды

Премьер-министр Әлихан Смайылов Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тегеранда Үкімет басшысы Иранның Бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбермен кездесу өткізеді. 

Кездесу барысында тараптар екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылайды. 

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар ведомствоаралық және коммерциялық құжатқа қол қойылады деп күтілуде. Сондай-ақ Әлихан Смайылов Иран Президенті Ибрахим Раисимен де кездеседі. 

Атап өтетін жайт, Премьер-министрдің сапары аясында 24-26 сәуір аралығында Қазақстанның Ирандағы үшінші сауда-экономикалық миссиясы өтуде. Оған тамақ, химия, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп және металлургия бойынша 20 отандық тауар өндіруші қатысып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы