Смайылов ЕҮК отырысына қатысу үшін Арменияға барды
Премьер-министр Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысына қатысу мақсатында Цахкадзор қаласына (Армения) барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ЕАЭО елдері Үкіметтерінің басшылары 2030 және 2045 жылдарға дейінгі интеграциялық үдерістерді одан әрі дамытуды, сондай-ақ өзара сауданы арттыру, ішкі нарықтағы әкімшілік кедергілерді жою және басқа да бірқатар мәселелерді талқылайды деп күтілуде.
Сонымен қатар бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды аралық қорытындылау жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қандастар мәселесіне қатысты қандай өзгерістер бар
Өзгелердің жаңалығы