Смайылов энергетика саласының қызметкерлерін құттықтады

Әлихан Смайылов энергетика саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Құрметті еліміздің энергетика секторының қызметкерлері, Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Энергетик күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біз жылу электр станцияларының, электр желілері және энергиямен жабдықтау ұйымдарының, ЖЭК және су электр станциялары нысандарының қызметкерлеріне, жөндеуші бригадаларға – қажырлы еңбектерімен еліміздің энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп отырған азаматтардың барлығына шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз.

Кей кезде ауыр еңбек жағдайларына қарамастан, Сіздер үйлерімізге жарық пен жылу беріп, кәсіпорындар мен инфрақұрылымның жұмысын қамтамасыз етіп отырсыздар. Мемлекетіміздің дамуына үлкен күш-қуат беріп отырған мәртебелі еңбектеріңіздің жемісі – ол энергия!

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, амандық және үлкен жетістіктер тілеймін!»

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы