Смайылов: Елімізде негізгі азық-түлік тауарлары толық көлемде қамтамасыз етілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов еліміз негізгі азық-түлік тауарларымен толық көлемде қамтамасыз етілгенін айтты.

Қазір ешқандай да алаңдаудың қажеті жоқ. Соңғы жылдары бүкіл әлемде азық-түлік тауарларына деген сұраныс пен оның бағасы өсіп барады. Сондықтан, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу арқылы ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мәселесі бірінші орынға шығып отыр, -деді Үкімет басшысы.

Ол Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруды ұлғайту керек және импорттан тәуелділікті барынша қысқарту қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы осы жылғы сын-қатерлер мен тәуекелдерді ескере отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын бірнеше рет атап көрсетті. Осыған байланысты тиісті Жоспар әзірленген болатын. Қазіргі жағдайда бұл құжаттың маңыздылығы одан сайын арта түскенін көріп отырмыз, -деді Әлихан Смайылов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы