7 Қыркүйек 2022 2022, 20:15
Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отырысқа қатысушылар телекоммуникация саласындағы бірқатар мемлекеттік активтерді иеліктен шығару заңдылығы мәселелерін, сондай-ақ азаматтық авиация мен автобус тасымалдарын демонополизациялау бойынша ұсыныстарды қарастырды.
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.